Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдар Тұрғанбек екінші әйелін ұшақпен алып қашқанын айтып берді

Әнші Айдар Тұрғанбек екінші әйелін ұшақпен алып қашқанын айтып берді. Ол бірінші некеде бақытты бола алмағандықтан  екіншісіне аса үлкен жауапкершілікпен қарағанын да жасырмады,-деп жазды Stan.kz сайты.

Әншінің қазір екі қызы бар. Айдар не себепті отбасын, әйелін халықтан жасырын ұстайтынын да айтып өтті.

« Қазіргі жарым Шымкенттің Жетісай деген жерінен. Өзім де Шымкенттікі болғаннан кейін бір-бірімізді жақсы түсінеміз. Қазақтың салт дәстүріне деген ұстаным бір болғандықтан ол жағынан мәселе туындаған жоқ. Оңтүстіктің инабатты қызы. Жарым көпшіліктің алдына шығып, өзін көрсетуді аса қаламайтын жан. Кішкентай қызымыз бар. Әйелімді келісе отырып алып қашқан болатынмын. Біздер ОҚО-ға концертке бардық. Сол кезде «Ағаңның үйіне кел, кешкісін алматыға алып кетемін» дедім. Содан ол концерт біткенше күтіп отырды. Әншілер жалдамалы жеке ұшақпен барған болатынбыз. Қайтатын кезде әріптестеріммен бірге болашақ жарымды алып кеттік. Содан «Сені ұшақпен алып қаштым» деп әзілдеп отырамын. Оған бірінші талабым- өмірімде ең маңыздысы ата-анам деп түсіндірдім. Екіншісі-ажырасқанымды бетіме баспа дедім. Үшіншісі- көшеде,концертте көп жүремін. Қайдасың, қашан келесің деген сұрақтарды қоюшы болма деп түсіндірдім»,-дейді әнші.

Айдар Тұрғанбектің бірінші әйелінен бір қызы бар. Айдар “Қалаулым”  бағдарламасында  тұңғышымен де араласып тұратынын айтып өтті.

Оқи отырыңыз:

Қазақстан үкіметі Парижде 65 млн евроға пәтер сатып алды

Қытайда стюардесса ұшақтан құлап кетті 

Қазақстанда бұдан былай АИ-80 бензині сатылмайтын болды

Қазақстанның бес азаматы Сириядан шығарылды (видео)

Талқылау