Айдана Меденованың жаңа бейнебаяны қатал сынға ұшырады (видео)
Айдана Меденова уәде еткен кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Алайда көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоция сыйлауды мақсат тұтқан бұл туындыны ұнатқандардан қарағанда сынағандар саны көп болды.
«Су» – Меденованың екінші бейнебаяны. Бұған дейін әншінің «Менімен биле» атты туындысы ел көңілінен шыққан болатын. Айдананың «тұңғышы» отандық хит шерулерде алдыңғы орындардан көрінді. Екінші клип оған жете ала ма, жоқ па, оны уақыт көрсетер. Тек мынадай жағымсыз пікірлерден кейін қалай болар екен?
«Өлеңнің сөзінде мағына жоқ, Су сөзін музыкаға келе қойған соң ала қойған сияқты», «Іш пыстыратын ән мен клип», «Түк мағынасы жоқ, бірақ клип жақсы түсірілген», «Өлеңнің сөздері түсініксіз, ал клип тек Айдананың сырт келбетін көрсету үшін түсірілгендей. Соңында билеген биі де онша емес», «Мына клипті соңына дейін көре алмадым», – деп пікір білдірген желі қолданушылары.
Есесіне Айдананы қолдап, жаңа туындысын жоғары бағалағандар да жетерлік.
«Клиптің мақсаты қуанту, дем алдыру, бұл сондай жеңіл өлең, ешқандай ауыр мағынасыз», «Жарайсыз, сіздің өнеріңізге басымды иемін», – дейді олар.
Айтпақшы, жағымсыз пікірлер саны көп болса да, бейнебаянды небәрі 2 сағаттың ішінде 10 мыңнан аса адам тамашалап үлгерген. Айдананың жаңа туындысын шетелдік әншілер Рианна мен Зараның әндеріне ұқсатқандар баршылық.
Жіберіп алмаңыз:
Кәмшат Жолдыбаева: Каскадер табылмағандықтан, көпірден өзім секірдім (видео)
Бағлан Әбдірайымов: Үндемей жүре берсек, дастархан басында еркек пен еркектің сүйіскенін де көреміз
Асхат Садырбайдың анасы: Еркенің “ұрды” дегені сәл артық болды
Төлендиев өзін «қыздарға қырындап, құдаларды есекке теңеді» деп айыптағандарға жауап берді (видео)