Аида Қауменова Меруерт Түсіпбаева екеуінің арасындағы даудың қалай шешілгенін айтып берді
Біраз уақыт бұрын Аида Қауменова мен Меруерт Түсіпбаеваның арасында әшекейге қатысты дау шықты. Дизайнер алғаш рет араларындағы бұл мәселенің қалай шешілгенін айтып берді.
Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.
“Мен ешкімді киімімді киюге міндеттемеймін. Қаласаңыздар, сатып алып киіңіздер. Қазір таңдау өте көп. Біз еркін мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Әр адамның таңдау құқығы бар. Ал егер ұнамаса, кимеңіздер”, – дейді Аида Қауменова.
Өзін айыптағандарға “ұнамаса, киме” деп Айда Қауменова Меруерт Түсіпбева осылай жауап қайтарған сыңайлы. Естеріңізде болса, бір ай бұрын әнші мен дизайнер арасында дау шыққан болатын. Түсіпбаева 97 мың теңгеге алған алқасының екі рет қана таға салып, ажырап кеткенін айтып шағымданған-ды. Әнші танымал дизайнерге деген ренішін жеке өзіне емес, әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Желіге сурет жүктеп, Меруерт ханым дизайнердің оған сатқан әшекейін сапасыз Қытай өнімі деп айыптады. Осы уақытқа дейін БАҚ өкілдеріне бұл мәселеге қатысты сұхбат бермеген дизайнер алғаш рет мәселенің қалай шешілгенін айтып берді.
“Адам баласы жыл өтсе де, ғасыр өтсе де ренжісе беруі мүмкін. Меруерттің маған ренжігенін білемін, онысын түсіндім. Біз өткенде әңгімелесіп, бұл мәселені шештік және бейбіт тарастық. Мен “Біз екеуіміз де – әйел затымыз, бір мемлекеттің тұрғынымыз. Екеуіміз де еңбектенеміз” деп айттым. Меруерттің дәл осылай өзінің саласында еңбектеніп жатқанын білемін. Мен барлығымызда жақсы болғанын қалаймын”, – дейді Аида Қауменова.
Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екеніне біз төреші емеспіз. Оны дизайнер мен әнші өзара шеше жатар. Ең бастысы, екі өнерлі қазақтың ортақ шешімге келуі.
Жіберіп алмаңыз:
Ернар Айдар бағасы мың доллардан асатын киімін көрсетіп мақтанды
Заттыбек Көпбосынұлы концертінде бірінші рет билеп, жұртты таң қалдырды