Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Заттыбек Көпбосынұлы концертінде бірінші рет билеп, жұртты таң қалдырды

Заттыбек Көпбосынұлы Алматының төрінде есеп беру кешін өткізді. Аталған кеш барысында әнші алғаш рет билеп, жұртты таң қалдырды.

000-10

Фото: instagram.com/zattybek/

Бұл туралы 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасында айтылды.

Күні кеше Заттыбек Көпбосынұлы Алматының төрінде есеп беру кешін өткізді. Аталған кешке әншінің сахналық әріптестері де, достары мен туған-туысқандары да келді. Қадірлі қонақтарының арқасында Заттыбек Көпбосынұлының әкесі де бар.

“Қуанышым қойныма сыймай тұр. Сонау Бәйдібек ауданынан Алматыға келу оңай емес. Баламның қуанышын бөлісу үшін келіп тұрмын. Концертті соңына дейін тамашалап, Алла қаласа, көтеріңкі көңіл-күймен қайтамыз”, – дейді әншінің әкесі.

Бұл кеште Заттыбек мырза әдемі әнен ғана шашу шашқан жоқ. Бұрын-соңды билемеген, “билей де алмаймын” деген ағамыз бишілік өнерінің бар екенін жалпақ жұртқа жария етті.

“Осыған дейінгі концертімде Аққұдай әріптесім әрі құдағиыммен бір дуэтім болды. Ал енді осы жолы өнерде жүрген іні-қарындастарыммен жақсы дуэттер шығардық. Бүгін біраз ашылдым ғой деймін. Бәрекелді! Бүгін барынша тырысып жатырмын. Рахмет сіздерге”, – дейді Заттыбек мырза.

Әнші ағамызды сахнада билеткен сұлулардың бірі – Маржан Арапбаева. “Астана-Шымкент” деп әндеткен әншілер екі қаланың тойларын жібермей, қос қаланың ортасында көп жүретіндерін білдіріп қойды. Заттыбек әнші бұл дуэтпен ғана шектелмеді. Сахна төріне Ернар Айдарды шақырып, “Алматы – шым қала” әнін жұптаса орындап шықты.


Жіберіп алмаңыз:

Тоқтар Серіков: Шетелдік әншілер Мейрамбегім мен Саятымнан артық емес

“Мисс Қарағанды-2016” байқауының жеңімпазы ауруханаға түсіп қалды

Гүлзира Айдарбекова: Мен ботокс салдырып көргенмін

Анасы Қайрат Нұртастың бір кездері казино ойнағанын айтты

Талқылау