Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі Ерлан Карин мәлімдеді. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кадрларды іріктеуде жаңа тәсілдерді қолдана отырып, мемлекеттік қызмет жүйесіне жаңа менеджерлерді белсенді тартуды жақтайды. Атап айтқанда, өткен жылы мемлекет басшысы Президенттік жастар кадрлық резервінің жаңа жобасын ұсынды, оның аясында 300 резервист таңдалды. Олардың 150-і мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеген", - дейді Ерлан Қарин. 

Ол Шымкент қаласыны әкімінің екі орынбасарын мысалға келтірді. 

"Президенттік кадрлар резервінің өкілі Айбек Сәттібаев Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, сонымен қатар, Ұлттық сенім кеңесі мүшесі Шыңғыс Мұқан Шымкент әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", -  деп жазды ол.

Айбек Сәттібаев 2020 жылдың қаңтар айынан бастап Каспий ӘКК басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді. Ли Куан Ю қоғамдық саясат мектебінде, Эссекс университетінде және Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқыды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 30 Шілде, 2020 10:53
Талқылау