Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяусыз соққыдан миы шайқалған 5 жасар қыздың ісіне полиция араласа бастады

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, парламент депутаты Зағипа Балиева соққыға жығылған бес жасар қыздың тағдырын өз бақылауына алды,- деп хабарлайды ҚазАқпарат  тілшісі.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілдік кеңсесінен Зағипа Балиева аталған іске ҚР Ішкі істер министрлігін тартқан.

Аталған оқиға бойынша ресми ақпарат алдағы дүйсенбіде берілетін болады. Бұдан бірнеше сағат бұрын Қуат Ахметжанов Қазақстандағы Бала құқықтары жөнінде уәкілдің Фейсбуктегі парақшасында WhattsApp мессенджерінен келген кішкентай қыз туралы хабарлама мен оның фотосуретін жариялады.

Ол денедегі соққы іздерімен қалалық №2 балалар ауруханасына түскен. Мәтін бойынша хабарламаның авторы әйел болған.

«Менің өзім қызыммен №2 ауруханада жатырмын. Алдыңғы күні біздің бөлімшеге көптеген жарақатпен 5 жасар қыз келіп түсті. Келесі күні оның басына бірден ота жасалды. Дәрігерлер бір сөзбен айтқанда оның жанын аман алып қалды.

Қыз балаға көмектесу туралы жазбаны жариялауды сұраймын», – деп жазған ол.

Әйелдің болжауы бойынша, қыз баланы бірге тұратын көкесі сабап тастаған.

«Маған айтқандай, қыз бала көкесімен бірге тұрады. Ол оны сабап тастаған. Қыздың шешесі түрмеде, әкесі қайтыс болған (…) Оны бүгін нейрохирургия бөліміне ауыстырды.

Дәрігерлер жарады. Үнемі бақылауда ұстайды. Бас дәрігердің өзі келіп кетті. Бірақ, ары қарай оның тағдыры не болады? Өтінемін, жазыңыздаршы, әлеуметтік қорғау органдары ол бүлдіршінді бақылауына алса екен.

Мен оның есімін де білмеймін. Кешке қарай жағдайын біліп шықтым. Егер қолға алатын болса, ол құтқарылар еді», – делінген хабарламада.

Аталған жағдайды Астана қаласының денсаулық сақтау департаментінде растады.

«2018 жылдың 1 наурызы күні қалалық №2 балалар ауруханасының травматологиялық пунктіне 24.12.2012 жылы туған қыз бала жеткізілді. Оны тұтас ми симптоматикасы мен денедегі жарақат іздері барын айтып шағым білдірген көкесі алып келді.

Мамандардың тексеруі кезінде баланың бас миында өткір субдуралдық қанды ісіктің бары анықталды. Бұдан кейін бала нейрохирургия бөлімшесіне жеткізіліп, оған ота жасалды.

Қазіргі уақытта баланың денсаулығы орташа ауыр, дәрігерлердің ерекше бақылауына алынды», – делінген таратылған хабарламада.

Айта кетсек, аталған жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Қолданушылар қыз баланың тағдырына алаңдаушылық білдіріп, тіпті кейбірі оны асырап алуға дайын екендіктерін жазуда.

Оқи отырыңыз:

Сәбит Әбдіхалықты жас актерлер “нағыз ақымақтың пікірін айтады” деп сынады

Әндерімді өзім де тыңдамаймын: Әли Оқапов “даусы жоқ дарынсыз” деп сынағандарға жауап берді

Отандық жұлдыздар желіде “Қалаулымға” қарсы флешмоб бастады (видео)

Сәби күтіп жүрген танымал бикештер (фото)

 

Талқылау