Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяусыз ұрған": Алматыда наркологиялық клиника төңірегінде жанжал шықты

Алматыда жеке наркологиялық клиниканың айналасында жанжал шықты. Ер адам мекемеден үйіне денесі көгеріп және тырналып келген. 55 жастағы азаматтың туыстарының айтуынша, қызметкерлер оны емдемеген, керісінше аяусыз ұрған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Емханада бес күн болғаннан кейін ер адамның денесінде гематомалар қалып қойған. 

"Ол мұнда аяғымен келді, сау болды. Тек қанын тазартқымыз келді. Нәтижесінде гематомалар пайда болды. Өзін біртүрлі ұстайды. Бізден қорқады", - дейді туысы.

Туыстары бәріне орталық қызметкерлерін кінәлайды. Науқас ұзақ уақыт ішімдік ішкеннен кейін наркологиялық клиникаға жатқызылған. Әйелінің өлімі ауыр тиіп, ішімдікке салынған. 

Қызметкерлер кінәсін жоққа шығарады. Олардың сөзінше, ер адам өзі құлап кеткен.

"Ол өзі құлап түсті. Айнамен басын жарды. Терезені сындырды. Өзі жатқан кереуетті қиратты. Ешкім оны ұрған жоқ. Жаймалармен байладық", - дейді наркологиялық орталықтың қызметкері Нұрсұлтан Келесбекұлы.

Қазіргі таңда іске полиция араласты.  Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 08 Желтоқсан, 2020 09:32
Талқылау