Айару Бақытбек еліміздің ең танымал жұлдыздарымен шетелде демалатынын айтып мақтанды
Танымал адамның қызы болған қаншалықты жақсы? Әсіресе, сенің анаң үнемі ел талқысында жүретін ең атақты продюсер болса… Бұл сұрақ Баян Мақсатқызының кіші қызы Айаруға жиі жолданады. Алайда тұйық мінезді Баянның кенжесі оқырмандарына көп ақтарыла бермейді. Әлеуметтік желіде де айтарлықтай белсенді емес. Алайда бұл жолы Айару Бақытбек көпшілікті толғандырып жүрген сауалдарға жауап беруді жөн көрген, деп хабарлайды Stan.kz.
Айару анасы Баян Мақсатқызының өз өміріндегі орны туралы, одан алған тәлім-тәрбиесі жайлы баяндады.
“Ол мен үшін ең алдымен ана. Маған ешқашан ештеңеден шектеу қоймаған. Сіздерге бірқызық көрінетін шығар, алайда мен бірінші кезекте өзім үшін дұрыс нәрсені жасаймын. Қателессем, өз қатемнен сабақ аламын. Жаным қалаған нәрсені істеймін, ал ол мені 200%-ға қолдайды. Менің тарапымнан да солай. Мен анамның кез келген таңдауын қабылдаймын. 2 жыл бұрын да солай жасадым. Алдағы уақытта да оның кез келген бастамасына, шешіміне қосыламын. Көптеген адамдар үшін менің анам танымал адам үлгісі болса, мен үшін ол адам ретінде үлгі. Ол ең адал, ақылды, сұлу әрі түсінігі мол әйел. Сыртқы дүниесі қандай болса, ішкі дүниесі де сондай”, – деп бастады сөзін Айару.
Алагөзованың қызы махаббат пен мейірімге толы ортада өскенін айтады.
“Өмірге келген күнімнен бастап тек жылы, махаббатқа толы сөздер естіп келемін. Шындығын айтқанда, әлемдегі ең күшті қыз екенімді ылғи айтады. Сіздерге өтірік болып көрінетін шығар, бірақ өмірімде бірде бір рет дөрекі сөз естімегем. Маған ешкім қол көтермеген.
Анама кез келген сырымды айта аламын. Ол білмейтін құпия жоқ, екеуміздің қарым-қатынасымыз соншалықты таза. Тиісінше мен анамнан тығылып ақымақтық әрекеттер жасамаймын. Ол менің ең үлкен қолдаушым, ең жақын досым”, – деп жалғады сөзін ол.
Бұдан өзге Айару Бақытбек танымал адамның қызы болудың артықшылықтарын атады.
“Танымал адамның қызы болу, көшеге шықсаң суретке түсу үшін жаныңа жүгіріп келетін әйелдер, ерлер, әжелер, балалар, әр суреттің астында жүздеген жағымсыз пікір, күн сайын анамды отандық басылымдардан көру, жалған парақшалар… Керек десеңіз, мен кез келген концертте алдыңғы қатарда отыра аламын. Әр шыққан жаңа фильмнің алдын ала көрсетіліміне бара аламын. Қазақстанның ең танымал әншілері мен актерлерін танимын. Қысқы демалысым жұлдыздармен бірге шетелде өтеді. Және бұл мен үшін айтарлықтай жаңалық емес, туғалы бері көріп келе жатқаным осы”, – деп түйіндеді сөзін ол.
Жіберіп алмаңыз:
Аш болсаңдар көрер ем: Азамат Сатыбалды есірген жастарды сынға алды
Шетелден шетелге: Дубайдан келген Ерке Есмахан Мальдив аралдарына аттанып кетті (видео)
Жұрт Ділназ Ахмадиеваның жаңа сүйіктісін Дима Биланға ұқсатты
Айдарбекова екінші ұлы мен төрт немересін жұлдызға айналдыруды қолға алды