Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяқ басып жүре алмаймын: Димаш Әділет ауруханаға түсіп қалды

Қазақстандық ең көрікті күйеу жігіт Димаш Әділет ауруханаға түсіп қалды. Швейцарияда тұрып жатқан ол оқиғаның қалай болғанын айтты. 

Димаш Әділет жақында ғана Алматыға келіп, уақытын өз отбасымен өткізіп жатқан еді. Ол түнгі уақытта баспалдақтан құлап кетіп, арқасын жарақаттаған. 

"Менің қолымда 16 келілік ит бар еді. Оны төменге апара жатқанмын. Итім сүйектері қатаймағандықтан өздігінен жүре алмайды. Сондықтан құлап бара жатып, өзім қорғана алмадым. Аяқтан тұра алмай қалдым. Жүру мүмкін болмай қалды. Жедел жәрдем шақырып, омыртқам мен төменгі бөлікке зақым келгенін білдім.

8 сағат бойы ауруханада жаттым. Барлық тексеруден өттім. Мекемедегі  бірнеше проблеманы байқадым. Бұл биылғы жылдың ауыр болғанына байланысты деп ойлаймын. Бірақ маған жақсы қарады. Омыртқам жарақаттанғанымен, еш жерім сынған жоқ. Толық айығу үшін 6 апта керек. Бұл уақытта отыра амлаймын, ұзақ жүре алмаймын. Көбіне жатуым керек. 2020 жылды жақсы аяқтайтын болдым", - деді Димаш. 

Ол жазба соңында дәрігерлер мен аурухананың өзге де қызметкерлерге, жедел жәрдем қызметкерлеріне алғыс айтты. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр