Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолын пешке өртеп, денесін сарайына көміп тастаған": Полицейлер ақмолалық азаматты қатыгездікпен өлтірген күдіктіні қолға түсірді

Ақмола облысының полициясы осы жылдың ақпан айында жасалған қатыгез кісі өлтіру қылмысының бетін ашты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ: Алматы облысында түрмедегі зорлық оқиғасына қатысты 7 қызметкер жұмыстан кетті

Бұланды ауданының тұрғыны 57 жастағы танысын өлтіріп, денесін бөлшектеген деген күдікке ілінді. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жәбірленушінің туыстары полицияға 25 наурызда жүгінген. Оған дейін олар жоғалған адамды бір ай бойы өздері іздеген. 

Туыстарының айтуынша, жоғалған адам ақпан айында Нұр-Сұлтанға жұмысқа кеткен және байланысқа шықпаған.

9 тамызда полицияда тұрғынның жоғалып кетуіне 34 жастағы азаматтың қатысы болуы мүмкін деп күдік пайда болды. 

"Егжей-тегжейлі жағдайды анықтау барысында 2020 жылдың ақпан айында спирттік ішімдікті бірлесіп ішу барысында ауызша жанжалдан кейін күдікті 57 жастағы ер адамды өлтіргені анықталды. Жасалған қылмысты жасыру үшін аяқ-қолын пешке өртеп, денесін сарайына көміп тастаған", - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

Оныншы тамызда қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабының бірінші бөлігі - "кісі өлтіру" деп қайта сараланды. Күдікті қамауға алынды. Ол сегіз жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау