Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолын кісендеген жоқпын": Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты сұраққа жауап берді

Жұлдыз актрисаФото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Продюсердің күйеуі 60 жасқа толған мерей тойын атап өткен еді. Желі қолданушылары келіні Жұлдызды қонақтардың арасынан таппады.

“Жұлдыз көрінбейді, ата-анасы да тойға келмеген”, “10 жыл бойы үйде отырғызып қойған келініңіздің тойға келмегені қызық екен”, “Құдалары оқыған-тоқыған азаматтар, мыналардың тойларына келе бермейтін шығар”, “Балаларын жіберіпті”, “Қайрат әлсіз болып тұр”, – деп жазды көпшілік. 



Гүлзира Үсенқызы оқырмандардың сұрағына жауап қайтарды.

“Артық кетіп қалдыңыз. Инста әлеміне шықпаса аяқ-қолын кісендеп отырғызып 10 жыл тығып қойыпты дегенге келтіріп тұрсыз ба? Сізден 100 есе дұрыс өмір сүрген шығар қайдан білесіз. Анық көрінгісі келетін адамды ешкім ұстап отыра алмайды. Үйдің тірлігіне байладым деп те айта алмаймын, бәрін көмекшіге жасаттым, еш уайымсыз болыңыз. Сіз министрлер мен президенттің де әйелдерін көрмейсіз ғой, неге соларға әйелдеріңді шығармайсыңдар деп қырылмайсыз. Біреудің отбасына қадалып не болды сізге, менің келіндерімнің бейшара түрін көріп па едіңіз, елестетіп көріңіз”, – деп жауап қатты продюсер. 

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімованың бесінші сәбиіне енесі құтты болсын айтпағанын жазған едік. 

Гүлдана Нұрлыханова
Жұма, 10 Қазан, 2025 10:30
Талқылау