Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ-қолдары сынған, қанға боялған": ұшақ апатынан аман қалғандар оқиға жайында айтып берді

Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшқан ұшақ апатқа ұшырады. Төтенше жағдай Гүлдала ауылында болды. Он екі адам үшін бұл соңғы рейс болса, он жолаушы қалалық ауруханада ауыр хәлде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші» арнасына сілтеме жасап.

самолет

Апаттан аман қалған Гүлнар Кәшенова қалай болғанын айтып берді.

«Біраз уақытқа дейін неге екені ұша алмай тұрды. Ұшақ дірілдеп тұрды. Содан жоғары қараай көтеріле бастағанда одан сайын дірілдеп қоя берді. Қатты сілкініс болды. Жарық өшіп-жанды, жоғарыдағы багаждар құлай бастады. Барлығында қорқыныш басталып, айғайлады. Бірі авариялық есікті сіндіріп, барлығымыз соған қарай жүгіре бастадық. Содан кейін зардап шеккендерді шығардық. Балалар көп еді. Аяқ-қолдары сынған, қанға боялған. Мен ұшақтан аман-есен шыққаныма қатты қуанамын», – дейді Гүлнар.

Гүлдала тұрғыны Райхан Тайжахметова таңертең қатты дүрсілді естігенін айтады.

"Дауыс естідік. Содан кейін жедел жәрдем келе бастады. Жол полициялары да. Әрине қорықтық. Қорқынышты болды", - дейді ауыл тұрғын.

Bek Air ұшағы Алматыдан таңғы сағат 07:05 уақытта әуеге көтерілген. Төрт минуттан кейін радар желісінен үзіліп кеткен. Ұшақ жаңадан тұрғызылып жатқан екі қабатты үйдің үстіне құлаған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр