AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяқ баспайтын етіп қоршап алған": Президент жайылымдық жерлердің тапшылығына кінәлілерді атады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құрғақшылық мәселесін шешу үшін жеке адамдарға өтіп кеткен жайылымдарды кері қайтару туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Президент құрғақшылық болдырмау үшін қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы айтты. 

“Ауа райының қолайсыздығы мал шаруашылығында түйіткілді мәселелер бар екенін көрсетті. Біз жедел шара қабылдап, жем-шөп тапшылығына байланысты ахуалды реттедік. Дегенмен, бұл салада қажетті жұмыс атқару керек. Жем-шөп дайындауға қажетті жер көлемін кеңейткен жөн. Сондай-ақ егіс алқабына әр жылы әртүрлі дақылдың егу талабын сақтау үшін тиісті бақылауды күшейткен абзал. Ғарыштық мониторинг және қашықтан зонттау мүмкіндігін кеңінен қолдану керек”, – дейді Тоқаев. 

Сонымен қатар Тоқаев жайылымдық жерлер танымал адамдардың қол астына өтіп кеткенін айтып, бұл мәселені реттеуді тапсырды. 

“Жайылымдық жерді тиімі пайдалану да өте  маңызды. Қазір мал жаятын жерге кейбір шаруалардың қолы жетпей жүр. Өйткені мұндай алқаптарды кейбір белгілі адамдар иемденіп алған. Тіпті оны аяқ баспайтындай етіп қоршап тастаған. Әкімдер әртүрлі себептер айтып, ықпалды адамдардың ығына жығылып, бұл мәселені шеше алмай отыр. Үкімет құзырлы органдармен бірлесіп, осы ахуалды өзгертетін шаралар қабылдауы керек. Жеке қосалқы шаруашылықтардың малын жайылымдық жермен қамтамасыз ету мәселесіне айрықша мән берген дұрыс. Олардың құқықтық мәселесі мен көрсететін қолдау тәсілдері жеке қосалқы шаруашылықтар туралы бөлек заң жобасында көрініс табуы керек”, – дейді Тоқаев. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр