Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аяғыңыздың бармақтары да мінезіңіз жайлы сыр шертеді

Біздің аяғымыз болмысымыз турасында көптеген қызықты деректер айта алады. Ел аузында аяқ бармақтары арқылы адамның мінезі жайлы біліп қана қоймай, тағдырын да болжауға болатыны туралы айтылып жүр.

Аяғыңыздың бармақтары да мінезіңіз жайлы сыр шертеді

Бүгін сіздерді педомантия сырларынан хабардар етпекпіз. Ол – табандағы сызықтар мен бармақ арқылы болжау. Аталған ғылым жұмбаққа толы тәжірибелерді ұнататындардың арасында танымалдыққа ие физиогномика бағыттарының бірі.

Аяқ  бармақтарына қарап адам мінезін болжау

№1 үлгі
Сіздің шығармашыл адам екеніңізді аңғартады. Мұндай бармақ иелері өте зерек, ақылды әрі қандай жағдайда да мәселенің креативті шешімін таба біледі. Алайда кей кездері өзіне деген сенімсіздік салдарынан бастаған ісін аяқсыз қалдырып жатады.

№2 үлгі
Мұндай адамдар батыл әрі өнертапқыш келеді. Қашан да өзі сенген дүниені ақтап, қорғап шыға алады.

№3 үлгі
Болмысыңыздағы көшбасшылық қасиетті көрсетеді. Мұндай жандардың басты мақсаты – кез-келген қызмет саласында жетістікке жету. Оларды тек бір дүние ғана шаршатуы мүмкін… Бұл шектен тыс перфекционизм.

Тағы бір қызықты дерек: кейбір үнді аңыздарында аналары ұлдарына аяғының екінші бармағы ұзын қыздарға үйленуге рұқсат бермегені айтылады. Оны билеп-төстеуші мінез белгісі деп білген.

№4 үлгі
Мұндай адамдар үшін өмірдегі ең басты құндылық – отбасы мен жақын достары.  Суретте көрсетілгендей саусақ иелері адамдарды түсініп қана қоймай, өзін олардың орнына қоя білетін қасиетімен ерекшеленеді. Кейде олар әр нәрсені жүрегіне жақын қабылдайды. Сондықтан мұндай эмпатия зиянын да тигізіп жатады.

№5 үлгі
Адам болмысындағы өр мінезді білдіреді. Бірақ бұл адамдар – өзіне жауапкершілік алуға құлықсыз. Мұндай бармақ иелерінің жан-дүниесі жұмбаққа толы әрі тартымды. Десе де олар – бала сияқты аңғал.

Аяғыңызға қараңызшы… Сіздің бармақтарыңыз не дейді?


 

Жіберіп алмаңыз:

Жұдырығыңызға қарап тұлғалық ерекшелігіңізді анықтаңыз

Өзіңіздің қаншалықты дана қазақ екеніңізді сынап көріңіз

Талқылау