Әскери бөлімдегі қаржылық қызметтің жетекшісі бюджеттен миллиондаған ақша ұрлап, бәсекеге тіккен
Әскери бөлімдегі қаржылық қызметтің жетекшісі ақшаны бәсекеге тігіп жүріп, темір тордың арғы жағына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Altaynews.kz басылымына сілтеме жасап.
Аягөздік гарнизонда орын алған оқиға Семей гарнизонына қатысты әскери сотта қылмыстық іс ретінде қарастырылды.
Қаржылық бөлімнің жетекшісі бәсекеге ақша тігіп, шамамен сегіз миллион теңге ұрлаған.
"Қаскүнем ақшаны өзінің жеке шотына және басқа да әскери қызметкерлердің шотына аударған. Сосын сол ақшамен тотализаторда ойнаған. Оның үстіне ол өзімен бірге қызмет еткен адамдарға ақшаны кассаға қате аударылып кетіпті деп қайтару керектігін айтып шатастырған екен. Әріптестері қаржыны қайтарған соң, ол букмекерлік кеңседе бәстесіп, ақша тігіп отырған екен", — деп хабарлады Семей гарнизонының баспасөз қызметі.
Қылмыскер өзінің не істеп жүргенін жақсы жасырған екен. Ол жасанды есеп-қисап жасап, екіжақты бухгалтерияны жүргізген.
Сот қаскүнемді ҚР ҚК-нің 189 бабының үшінші бөлігі бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) кінәлі деп тапты. Ер адам ата-анасының көмегімен шығынды өтесе де, ол 1 жыл 3 айға түрмеге қамалды. Сонымен қатар, ол аға лейтенант мәртебесінен айырылды.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
