Аяғынан қан ақты: Анита Цойды концерттен жедел жәрдем алып кетті (видео)
Анита Цой Бакуде өткен "Жара" байқауы кезінде жарақат алды. Әншіні концерттен жедел жәрдем алып кетті.
Оқыс оқиға 26 шілде күні болды. Ресейлік эстрада жұлдызы Анита Цой Григорий Лепстің өнерін тамашалап тұрған.
Әнші аяғын ауыр жарақаттап алды. Кадрдан оның аяғының, аяқ киімінің қып-қызыл қанға боялғанын көруге болады. Оның башпайының тырнағынан қан сорғалап тұр. Келесі бір видеода жараны дәрігерлер таңып жатыр. Әнші үлкен башпайының саусағы толығымен жұлынып түскенін айтты.
Цой өзіне қолдау білдірген желідегі оқырманардарына алғыс айтты.
Әнші сатыға құлап, аяғын жарақаттап алған.
"Тырнақ етімен қоса жұлынды. Қан көп ақты", - дейді ол желідегі парақшасында.
"Жазылып кетуіңізді тілейміз", "Біз сізбен біргеміз, жеңілдік болсын", "Қиын болған екен, сауығып кетіңіз", деді желідегі жазылушылары.
Талқылау