Жүкті әйел аяғына массаж жасатам деп көз жұмды
Таиландтың Чиангмай қаласында жүкті әйел аяғына массаж жасатуға барады. Ол массаждан соң комаға түсіп, жарты жылдан соң көз жұмды.
25 жастағы Вираван Кедкесри 11 қаңтар күні табаны мен балтырына массаж жасатып жатып, есінен танып қалды. Оны дере ауруханаға жеткізді. Жедел жәрдем бөлімінде науқас инсульт алып, жүрегі тоқтап қалды. Осыған байланысты түсік тастады. Дәрігерлер өкпе тромбоэмболиясы деген диагноз қойды.
Әйел комада жатты. Жарты жылдан соң туыстары оның өмір сүру мүмкіндігі жоқ деп аппараттан ажыратты.
"Бізге мұндай шешім қабыладу қиын болды. Алайда ол енді өмірмен қоштасады", - дейді әпкесі Чайват Камя.
Жергілікті полиция әйелге массаж жасаған Сутаньи Кавиге қатысты айыптар тақты. Таиланд билігінің мәліметінше, массажисттің жүкті әйелдерге массаж жасауға біліктілігі жетпеген.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн