Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Аяғын, екі қолын, мұрнын сындырған": Павлодар облысында 19 жастағы жігітті аяусыз ұрып тастаған

Павлодар облысында бір топ жігіт Көкдомбақ ауылының 19 жастағы тұрғыны Аңсаған Сәдуақасовты аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 15 желтоқсаннан 16 желтоқсанға қараған түні жас жігіт қонаққа келген әжесінің үйінің ауласында болған.

"Аңсаған дәретханаға жеңіл киініп шыққан кезде, олар үйдің ауласында шабуыл жасап, есінен таңғанша ұрып тастаған. Шабуылшылардың төртеуі болғанын білеміз, олардың екеуі кәмелетке толмағандар. Олардың барлығы біздің ауылдан. Жігіттердің бірі ініммен қақтығысып қалған, бала кезінен ұнатпайды. Олардың арасында не болғанын біз білмейміз, бірақ олар інімді өлтіре жаздады. Олар оны суықта өлім аузында қалдырды", - дейді жәбірленушінің немере әпкесі Айнұр Садуова.

Жәбірленуші еңбектеп үйіне жеткен. Туыстары жедел жәрдем шақырды. Жігіт алдымен Баянауыл аудандық ауруханасының реанимациясына, содан кейін Екібастұзға жеткізілді. Дәрігерлер оған мидың шайқалуы, бас миының зақымдануы, сынықтар, көптеген жарақат диагнозын қойды.

"Олар оның аяғын, екі қолын, мұрнын сындырған. Аңсағанның денесінде сау жері жоқ, беті бірді жара. Кеше қолына ота жасады, бүгін тағы бір ота жасалды", - дейді Садуова.

Қыздың айтуынша, төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталған.

"Бұл жігіттердің ата-аналары келді, кешірім сұрады, ақша ұсынды, сатып алғысы келген шығар. Бірақ біз кінәлілерді заң бойынша жазалауды талап етеміз. Інім - отбасындағы жалғыз ұлы, қыркүйек айында әскерден оралып, спортпен шұғылданады, қоян-қолтық ұрыстан жетістіктерге жеткен, оқиды, жұмыс істейді. Дұшпандық болса да, бұл адамды ұрып-соғуға себеп емес", - деді қыз.

Өңірлік Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір зардап шегуші Екібастұз ауруханасының травматологиялық бөлімшесінде жатыр.

"Жағдайы орташа ауыр. Орташа бас ауруы және операциядан кейінгі жаралардағы ауырсыну туралы шағымдар бар", - деп түсіндірді Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Айта кетейік, бұл істі полиция тексеріп жатыр. Олар кейінірек оқиғаға түсініктеме беруге уәде беретінін мәлімдеді.

STAN.KZ
Бейсенбі, 17 Желтоқсан, 2020 18:16
Талқылау