"Ay Yola-ның көшірмесі": Баян Мақсатқызының жаңа жобасы сынға қалды
Фото: Видеодан скриншот
Танымал продюсер Баян Мақсатқызы жаңа жобасын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсердің қолдауымен 2022 жылғы "Қазақ Аруы" атағын иеленген Аружан Бекболат “Құлан ару” атты әнін халыққа ұсынды. Алайда туынды көптің көңілінен шыққан жоқ. Желі қолданушылары әнді "Homay" әніне ұқсатып жатыр.
“Ay Yola-ның көшірмесі ғой”, “Осы да ән болып тұр ма?!”, “Башқұрттарға жарасады, қазақтарға жасанды болып қалған сияқты”, “Homay” әніне ұқсайды екен”, “Аты да “Құлан” екен”, – деп жазды көпшілік.
-
"Бір күні Баян Мақсатқызындай боламын": Трансгендер Амилай оқырмандарына ескерту жасады
-
"Мисс Қазақстан" байқауына трансгендерлер мен plus size бойжеткендер де қатыса алады
Одан кейін Баян Мақсатқызы сынаған оқырмандарына жауап жазды.
“Әнді “Хомайдан” бұрын жазғанбыз. Этностиль – бұрыннан танымал және мәдениеттің ажырамас бөлігі. “Сүгірдің термесін”, “Ризамын”, “Рухты ару”, “Ізін көрем” туындыларын жоққа шығармаңыз. Шығармашылыққа құрмет танытайық! Америка ешкім үшін ашылған жоқ. Біз мыңдаған жыл бойы атқа мінсек те, тек жеті нота барын ғана білеміз. Әншінің шаш үлгісі де – өзінікі. Мен оны 5 жылдан бері танимын”, – деп жазды продюсер.

“Газ плитасы, күннен қуат алатын панельдер алып дайындаламыз”: Алакөлде шатырда қонып жүрген қазақстандық отбасы жабайы демалысты дәстүрге айналдырған
