Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АвтоВАЗ Lada-ның бағасын бірден 15%-ке көтеріп жіберді

"АвтоВАЗ" концерні 1 наурыздан бастап LADA автомобильдерінің бағасын күрт өсірді. Модельдік қатардағы орташа өсім - шамамен 15%-ды құрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазіргі бағаға сәйкес, қазір ең арза Lada Granta 685 мың рубль немесе 7 мың доллар ға сатылады(+14%). Ал Vesta – 1 миллион 33 мың рубль немесе 10,5 мың доллар (+20%), Largus Universal – 1 миллион 77 мың рубль немесе 10,9 мың доллар (+30%), Xray – 1 миллион 10 мың рубль немесе 10 мың доллар (+22%), Niva Legend – 777 мың рубль немесе 8 мың доллар (+9%), Niva travel болса, бір миллион 4 мың рубль немесе 10 мың доллар (+14%).

Осымен баға бір жылда екінші рет көтеріліп тұр. Әдетте өсім 1-3%-тен аспайтын.

АвтоВАЗ толық өндіріс циклі бойынша автомобильдер мен Lada және Renault-ға арналған компоненттер шығарады. Зауыттар Тольятти мен Ижевскіде орналасқан.

Lada бренді бес модельден тұрады: Vesta, Xray, Largus, Granta және Niva. Брендтің ресейлік автомобиль нарығында 20%-тен астам үлесі бар. Жиырмадан астам елде ұсынылған.

Еуропалық бизнес қауымдастығының мәліметі боынша компания 2021 жылы Ресейдегі 350,7 мың көлік сатқан. Өсім - 2%.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 01 Наурыз, 2022 15:51
Талқылау