Автомектеп оқушысын тоқтатқан полицей одан жүргізуші куәлігін сұрап масқара болды (видео)
Ғаламторда полицей мен автомектеп жүргізушісі арасындағы әңгіме жарияланды.
Желіге тарап кеткен видеодан көлікті тоқтатқан полицей мен жүргізушінің теке-тіресін көруге болады. Оқушыны көлік жүргізу тәжірибесінен өткізіп келе жатқан үйретушісі полицейден нендей тәртіп бұзғаны үшін тоқтатқанын сұрайды. Алайда, ол нақты себебін айтпай, оның рұқсатсыз видеоға түсіріп тұрғанын есіне салады. Тіпті қасында отырған үйренуші қыздан “жүргізуші куәлігің бар ма?” деп те сұрайды.
Үйретуші мен оқушысы бұған таңғалып, куәлік алу үшін көлік айдап үйреніп жүргенін айтады. Полицейдің әңгімесіне қарағанда, ол көліктегі автомектепте үйренуші белгісін оқымағанға ұқсайды. Желі қолданушылары бір ауыздан полицейдің қателігін айтты. Олар өз құқығын білмейтіндерді сынға алды.
Жіберіп алмаңыз:
Желі қолданушылары Назым Қызайбайдың биіне сүйсінуде (видео)
Ауыл тұрғындары су тасыған есекті қинап, мазақ етті (видео)
Бәстесіп беттеріне аямай күйе жаққан балалардың әрекеті күлкі туғызды (видео)