Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автокөлік капотында сүйісіп тұрған ғашықтар жауапкершілікке тартылды

Автокөліктің капотында сүйісіп тұрған Нұр-сұлтан қаласынан келген ерлі-зайыптылардың видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

фотоВидеоны көлік иесі түсірген. Кадрларда жігіт пен қыздың біреудің көлігінің алдында сүйісіп тұрғаны анық байқалады. Екі ғашықтың бұл әдепсіз әрекеті көлік иесіне ұнай қоймаған. Сондықтан полиция шақырған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келген кезде қыз кек алу үшін автокөліктің бүйір айнасына соққы берген. Нұр-Сұлтан полициясы оқиғаға байланысты түсініктеме берді. 

"16 қазанда полицияға қала тұрғынынан "Алматы" БО жанындағы Иманов көшесінің бойында жастар өздерін дұрыс ұстамай, автокөліктің капотына сүйеніп, сүйісіп тұрғаны туралы қоңырау түсті. Шақыруға полиция қызметкерлері келді. Бұл факт расталды. Іс жүргізу үшін жастар учаскелік полиция пунктіне жеткізілді. 30 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы құрбысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп хабарлады полициядан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр