Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Автобустар "зираты": Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді

Алматы облысының әкімдігінде Жетіген кентінің аумағында тұрып қалған автобустарға қатысты түсініктеме берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өңір әкімдігі 2022 жылғы 22 қазандағы №4/547 қаулысымен жылжымалы құрамның 300-і өтеусіз негізде Алматы облысына берілгенін хабарлады. Бұл автобустар жөндеуді қажет етті және ішінара бөлшектелді.

"Алматы облысының әкімдігі қазіргі уақытта ақауларды анықтау, сондай-ақ автобустарды қалпына келтіру, бағалау жұмыстарын жүргізуде. Облыс әкімдігі жөндеуге келетін машиналарды ретке келтіріп, бағдарларға шығарады. Қосып өтейік, біз кейбір машиналарды жөндей алдық және олар қазір бірнеше елді мекендер арасында жүр. Біз жаңа бағыттарды маусым айының ортасында таныстырдық",-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің мәліметінше, мамандар қалпына келтіруге болатын машиналарды алып кетуде. Олар күрделі жөндеуден кейін іске қосылады.

Бұған дейін Instagram-да көптеген автобустың бір жерде тұрғаны түсірілген кадр тараған еді

Талқылау