Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Автобуста ұйықтап отырған қыздың шашына ашуланған шаштараз шыдай алмай қиып тастады
Егде жастағы ер адам автобустағы жолаушы қыздың шашын рұқсатсыз қиып тастағаны үшін тұтқындалды.
Оқиға Гонконгта орын алған. Автобуста кетіп бара жатқан ер адам алдыңғы орындықта ұйықтап отырған қыздың тым ұзын шашына ашуланған. Себебі қыздың шашы тізесіне тие беріпті.
Артынша ер адам сөмкесінен қайшы алып шығып, қыздың шашын бірнеше сантиметрге қысқартып қиып тастаған, деп хабарлайды South China Morning Post басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Осы кезде оның әрекетін көрген басқа жолаушылар наразы болып, қызды оятқан. Ал шашының қиылғанын білген қыз сол жерде жылап жібереді.
Салдарынан автобус жүргізушісі полиция шақырды. Тәртіп сақшылары 65 жастағы қариядан сөмкесінде қайшының қайдан жүргенін сұрағанда, ол шаштараз болып жұмыс істейтінін айтты.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”