Автобус қатынасы тоқтайды: Павлодарда карантин күшейтілді
Павлодар облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері өңірде шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, жабық үй-жайларда да, ашық жерлерде де ойын-сауық, отбасылық, ұжымдық, корпоративтік, салтанатты (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т.б.) және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды (митингілер, шерулер, көрмелер, конференциялар, демонстрациялар және т. б.) өткізуге тыйым салынады.
Ойын-сауық мекемелерінің (караоке, кальян, букмекер кеңселері, бильярд, ойын клубтары, түнгі клубтар, компьютерлік клубтар, боулинг-орталықтар және т.б.) қызметіне тыйым салынады.
Облысаралық, облысішілік, қалааралық, ауданаралық автобус, шағын автобус жолаушылар тасымалдары тоқтатыла тұрады (Павлодар-Ақсу, Павлодар-Кемеңгер, Павлодар-Заңғарды қоспағанда).
Балалардың ойын-сауық орталықтарының (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар) қызметіне тыйым салынады.
Театрлардың, кинотеатрлардың және концерт залдарының қызметіне тыйым салынады.
Жиналыстарды (отырыстарды) күндізгі режимде өткізуге тыйым салынады.
Балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметі толымдылығы 30%-дан аспаған кезде жүргізілуі мүмкін.
Діни объектілер (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) жабық үй-жайларда ұжымдық іс-шаралар өткізбей, бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен жеке жұмыс істей алады.
Сауда орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің қызметі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, келушіге кемінде 4 ш.м. арақашықтықты сақтай отырып, 22:00-ге дейінгі жұмыс режимімен жүргізіледі. Сенбі және жексенбі күндері жұмыс істемейді.
Азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарлары бір келушіге кемінде 4 шаршы метрді сақтай отырып, 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
Азық-түлік емес және азық-түлік базарларының (ғимараттардан тыс) қызметі бір келушіге уақыты бойынша шектеусіз кемінде 4 шаршы метр арақашықтық сақталған жағдайда жүзеге асырылады.
Супермаркеттер, гипермаркеттер, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендер бір келушіге кемінде 4 шаршы метрді сақтай отырып, уақыт бойынша шектеусіз жұмыс істей алады.
Қаулы осы жылғы 7 шілдеде 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.