"Автобус іші +61 градус": Бішкекте аптап ыстықтан адамдардың жағдайы нашарлаған

Қырғызстан астанасында 3 шілдеден бері аптап ыстық болып, ауа температурасы +39 °C-қа дейін жеткен. Тіпті автобус ішінде термометр +61 градус көрсетіп тұр екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Бишкек сегодня" жаңалықтар паблигінде жарияланған фотосуретте қалалық автобустың ішіндегі термометр +61 градус көрсетіп тұрғаны айтылды.
“Ауа жетіспей, ыстықтан адамдар талып жатыр. Бір қыз кешке есінен танып қалып, полицейлер оны қолына көтеріп, ауруханаға жеткізді”, – делінген жазбаларда.
Қала әкімі Айбек Джунушалиев қатты ыстыққа байланысты Бішкекте жасыл желектерді суаруды күшейтуді тапсырды. Уақтылы суарылмағаны үшін жауаптылар жазаланады.
Қазақстанда да синоптиктер алдағы күндері өте қатты ыстық болады деп болжап отыр. Елдің оңтүстігінде +45–46 °C, оңтүстік-шығысында +40–45 °C-қа дейін жетуі мүмкін.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді