Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Австралияда қарт мұғалім 15 жастағы қызды өзімен төсектес болуға мәжбүрледі

Сиднейдегі орта мектептердің бірінің 61 жастағы мұғалімі 15 жастағы оқушыға жыныстық қысым көрсетті деп күдікке ілінуде.

6a4df078_1

Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі 61 жастағы Бруно Геззи 15 жастағы оқушы қыздың ұятты жеріне қол тигізіп, онымен французша сүйіс жасаған.

Мұғалім қысқы демалыс кезінде қызға жыныстық мәндегі хабарламалар жіберіп отырған. Жаңа жыл қарсаңында қызды қалалық саябаққа кездесуге де шақырыпты. Кәмелетке толмаған қыздың телефон нөмірін ол мектеп базасы арқылы біліп алған.

Геззиді дереу тұтқындағанымен, қазір оны кепіл ақы бойынша босатқан. Оған бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр. Ал мұғалім болса өз кінәсін мойындамай, сотқа дайындалып жатыр. Ол өзін бұлай айыптауға еш негіз жоқ деп санайды.

Оқи отырыңыз:

Шашылып жатқан бөлмеде селфи жасаған бойжеткен елдің сынына қалды (фото)

Шетелдік ғалым Марстан түкті маймыл-өрмекшіні байқап қалған

Ғарышта сулы шүберекті сыққанда қандай өзгеріс болатынын көріңіз (видео)

Белорусcиялық жігіт кілеммен күресіп интернетте хитке айналды (видео)

Талқылау