Австралияда екі дүркін олимпиада чемпионы мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды
Нысана көздеуден екі дүркін олимпиада чемпионы австралиялық Майкл Даймонд Жаңа Оңтүстік Уэльс штаты, Нельсон-Бэй қаласында тұтқынға алынды.
Сурет lenta.ru
Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
ABC Online хабарлағандай, спортшыға көлікті мас күйінде басқарып, қаруды дұрыс сақтамады деген айып тағылды.
Ер адам қанында алкоголь деңгейі рұқсат етілген нормадан үш есе артық болған. Спортшының көлігінен полиция қызметкерлері қару мен 150 патрон тәркіледі.
Қазірде Майкл Даймонд кепілмен босатылды. Сот 7 маусымға тағайындалды.
Талқылау