Avon компаниясы Атырау облысындағы онкологиялық диспансерге портативті УДЗ аппаратын алып берді
2023 жылдың қазан айында Avon компаниясы Сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес миссиясы (СБҚІ) аясында Атырау онкологиялық орталығына портативті ультрадыбыстық зерттеу аппаратын (УДЗ) тапсырды.
Соңғы 12 жылда Қазақстанда СБҚІ онкологиялық сырқаттанушылық құрылымында бірінші орында тұр және оның серпіні жылдан жылға өсіп келеді: егер 2020 жылы сырқаттанушылық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 22,8% болса, 2022 жылы ол 26,3%-ға дейін өсті.
Ғасырлық философия аясында Avon әйелге қамқорлық көрсетуді негізге алады және СБҚІ мәселесін қайырымдылық бағыттарының бірі ретінде назарға қояды. Қазақстанда 15 жылдан астам уақыт бойы Avon-ның басты бастамаларының бірі дүниежүзілік "Сүт безінің қатерлі ісігіне қарсы күрес миссиясы" болып табылады. Миссияның негізгі мақсаты – кесел туралы хабардарлықты арттыру және маммологқа бару қорқынышын азайту, осылайша өзін-өзі тексеру мен дәрігерге қаралуды косметологқа немесе йогаға бару сияқты күнделікті тәртіпке айналдыру. Шынында да, 95% жағдайда – ерте диагноз өмірді сақтап қалуы мүмкін.
Бағдарламаны іске асыру жылдарында Avon-ның түрлі креативті бастамаларының арқасында 6 миллионнан астам Қазақстан азаматшалары СБҚІ туралы білді. 6 жыл бойы "Қызғылт лента" науқаны аясында бүкіл Қазақстан бойынша келесідей іс-шаралар жүзеге асырылды:
- еліміздің жоғары сынып оқушыларын кеудесіне назар аударуға және өзін-өзі тексеру әдістеріне оқыту;
- СБҚІ диагностикасының тиімді әдістеріне маммолог, онколог және гинеколог дәрігерлерді оқыту;
- СБҚІ онкомаркерлеріне тегін талдауларға квоталар бөлінді;
- сүт безін алып тастау операциясынан кейін әйелдерге психологиялық кеңес берілді және әлеуметтік өмірге қайта оралуы үшін ремиссиядағы әйелдерге протездік іш киімдер сатып алынды.
- Қазақстан мен Орталық Азияда қайырымдылық шерулері өткізілді.
- осы жылы Avon Kazakhstan Fashion Week 2023 сән апталығының бас серіктесі атанып, дизайнерлердің, модельдердің және танымал тұлғалардың мәселелерін көтеруге атсалысты.
Коронавирустық пандемия кезінде Avon елдегі барлық онкодиспансерлерге 50 оттегі концентраторын сатып алды, осылайша СБҚІ науқастары осал әлеуметтік топ ретінде жергілікті көмек ала алды.
Осы жылдың басты мақсаты ретінде еліміздің шалғай аймақтарында онкологиялық ауруларды диагностикалау мүмкіндігі үшін УДЗ-аппаратына қаражат жинау болды.
Ультрадыбыстық зерттеу дәрігерлерге пациенттердің жағдайын диагностикалауға, емдеуге және бақылауға көмектесетін сүт безі қатерлі ісігімен күресудің маңызды құралы болып табылады. "Қатерлі ісікке қарсы бірге" қоғамдық қорымен серіктестікте Атырау облысы қайырымдылыққа көрсетуге сай, ең осал және назар аударуды қажет ететін аймақ ретінде таңдалды. Avon-ның портативті УДЗ-аппаратын Атырау облыстық онкологиялық диспансеріне тапсыруы – бұл Атырау және облыс тұрғындары денсаулығының жақсаруына қосылған үлкен үлес болып табылады, өзінің мобильділігінің арқасында облыс шеңберіндегі кез келген қолжетімді ауруханаға осы жабдықты әкелуге болады және ол тіпті ең шалғай аймақтарды қамтуға жол ашады. Өз кезегінде, бұл көптеген қазақстандықтардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.
Avon жыл сайын қайырымдылық пен көмек көрсету тәсілдерін әртараптандыруға тырысады, сондықтан ол көптеген мүмкіндіктерді ұсынады, ал олармен толығырақ "Сүт безінің қатерлі ісігімен күрес миссиясы" – қайырымдылық бөлімінде танысуға болады.
Avon компаниясы туралы
Avon 137 жылдан астам уақыт бойы сұлулықты өзгеше жасап келеді. Біз - өмірді жақсы жаққа өзгерту үшін сұлулық күшін пайдаланып, адамдарды біріктіретін компаниямыз. Дүние жүзіндегі миллиондаған тәуелсіз сауда өкілдері өздерінің сұлулық саласындағы бизнесін құра отыра және толық немесе жартылай жұмыспен қамтуды өз бетінше таңдай отырып, өздерінің әлеуметтік желілері арқылы бірегей Avon брендтерін сатып келеді. Avon гендерлік теңдікті қолдайды, және біз әйелдердің қажеттіліктерін тыңдауға, маңызды мәселелер туралы сөйлесуге және оң өзгерістерге қол жеткізуге сенім артамыз. Avon және Avon Foundation арқылы біз гендерлік зорлық-зомбылық пен сүт безі қатерлі ісігімен күресуге баса назар аудара отырып, 1,1 миллиард доллардан астам қайырымдылық жасадық.