"Аватар" картинасында "Нейтири" рөлін сомдаған Зои Салдана кино тарихындағы ең табысты актриса атанды
Фото: https://www.instagram.com/avatar
“Оскар” сыйлығының иегері, “Аватар” франшизасының жұлдызы Зои Салдана ресми түрде кино тарихындағы ең көп табыс тапқан актриса ретінде тарихқа енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оған “Аватар: От пен күл” филімінің табысы негізгі себеп болды. Оның дәл қазіргі уақыттағы табысы 1,23 миллиард доллар.
Басты рөлді сомдаған ең табысты 10 жұлдыз (2025 жылғы 13 қаңтардағы дерек)
-
Зои Салдана – 15,46 млрд доллар;
-
Скарлетт Йоханссон – 15,40 млрд доллар;
-
Сэмюэл Л. Джексон – 14,61 млрд доллар;
-
Роберт Дауни-кіші – 14,31 млрд доллар;
-
Крис Пратт – 14,12 млрд доллар;
-
Том Круз – 12,66 млрд доллар;
-
Крис Хемсворт – 12,18 млрд доллар;
-
Вин Дизель – 12,04 млрд доллар;
-
Крис Эванс — 11,48 млрд доллар;
-
Дуэйн Джонсон – 11,46 млрд доллар.
Мансабы
Актриса бірқатар коммерциялық табысты жобаларға түскен: Аватар” (2009), “Аватар: Су жолы” (2022), сондай-ақ Marvel киновселенасындағы фильмдер (Гамора рөлі, “Галактика сақшылары”, соның ішінде “Кек алушылар: Финал” және “Шексіздік соғысы”). Осы картиналардың арқасында ол әлемдік кассасы 2 млрд доллардан асқан төрт фильмде бірдей рөл сомдаған алғашқы актриса атанды.
"Аватардың" үшінші бөлімі премьерасынан кейін Салдана қатысқан фильмдердің жиынтық кассалық түсімі 15 млрд доллардан асып, бұл көрсеткіш бойынша оны барлық актерлер мен актрисалар арасында бірінші орынға шығарды.
Актрисаның жазбасы
Әлеуметтік желідегі парақшасында Салдана жанкүйерлері мен әріптестерінің қолдауы үшін алғыс айтты.
“Мені осы сәтке жеткізген керемет жол үшін шын жүректен ризамын. Бұл жетістік тек маған жұмыс істеу бақыты бұйырған тамаша фильмдер, командалар мен режиссерлердің арқасында мүмкін болды. Ең алдымен – әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрерменнің арқасы. Бұл – бәріміздің ортақ жетістігіміз”, – деді ол.
Актриса сондай-ақ “Аватар” франшизасында бірге жұмыс істеп жүрген режиссер Джеймс Кэмеронның үлесін атап өтіп, болашақта бұл рекордты тағы бір әйел жаңарта алады деген үміт білдірді.
2025 жыл Салдана үшін ерекше табысты болды: ол “Эмилия Перес” фильмі үшін үздік екінші пландағы әйел рөлі номинациясында “Оскар” алды.
Айта кетейік, бұған дейін Бейонсенің байлығы 1 млрд долларға жетті: Бұған дейін мұндай жетістікке тек 4 музыкант жеткені хабарланған еді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты