Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аузына келгенін айтады: “Бақытты әйел” бағдарламасының редакторы жүргізушілердің эфирден тыс қандай екенін айтты

Қазақстан арнасындағы “Бақытты әйел” бағдарламасының былығын бұрын жобада қызмет еткен редактор әшкере қылды.

Бағдарламаның редокторы болған журналист Гүлжанат Пірімбет бұл жайлы Инстаграм парақшасында жазды.

“Осы студия мен арқасындағы бет əрлеу бөлмесі, жоғарыдағы режиссер бастаған топ отыратын мониторға толы кабинет мына менің көзімді “ашты”. Эфирде əдемі, əдепті, сұлу, бақытты, білімді, тартымды, құдай-ау инабатты, адам баласын сүйетін жандарды көрсеттік. ( ол кісілер əлі сол рольде) Негізінде, сол маскалардың астында жоғарыда айтылған мақтаудың керісі, тіпті жиіркенішті сөздермен суреттеуге лайықтылары бар.((( Өте өкінішті. Осыған дейін де телеарналарда талай жұмыс істедім, мынадай сорақылықты көрмеппін. Сол эфирді тамашалайтын қарапайым сенгіш халықты аяп отырмын. Уақыты мен санасын өз қолымен “ұрыларға” ұстатқан аңқау халыққа жаным ашып отыр. Бірақ енді, түріктің отбасылық телехикаясынан тəуір жағдай). Өзге мемлекетке тарайтын жалғыз арнада не көрсетіліп жатқаны ешкімді алаңдатпайтын сияқты.

“Қазақша білмейтін, білсе де шала, жүйелі ойлай алмайтын, құлағына айтылған сұрақты дұрыс жеткізе алмайтын жүргізушіге кемшілігін айтып, түзелуді ұсынсаң соңында өзің кінəлі болып қаласың). Тамыр- танысты қосқан істі де таза, ұятпен істеуге болатын шығар ?Ереже мен тәртіп бойынша тек мақтау керек екен. Себебі, жоба жетекшісі де жүргізуші.) Эфирде сенсіреп, тұтығып жарты сөзін жеп қоятын, пысылдап отырған жүргізушіге “мұның ұят” десе тағы айтқан адам кінәлі. Жауап: “есесіне мен табиғимын”. Режиссер Болат Атабаев бір жағдайға орай студентінің осындай жауабына “Табиғилық сəн болса мәдениет қайда қалады ? Онда бəріміз бір – бірімізге қарап отырып үлкен дəрет сындырайық, ол негізгі табиғи жағдай” деген еді)”, – деп жазады ол.

Редактор әріп айта алмаса да, эфир тізгінін ұстап жүргендерді сынға алды.

“Əріп айта алмау кемшілік емес дегенге қарапайым халық тұрмақ, үлкен арна басшылары да сеніп қалған сыңайлы. Өзін “жұлдыз” сезінетін жүргізуші келген жас қонақ қызды эфирден кейін жылатып, аузына келгенді оттап шығарып салғанын көргенде көзім тұрмақ аузым ашылды. Күлкілісі, жеке парақшасына сол түні сабырлы болу, біреуді жылату былай тұрсын ауыр сөз айтпау туралы 5 бет ақыл жазып қойыпты. Шіркін, өзі қолданса ғой деп қалдым. Адамдардың желідегі, эфирдегі өмірі ақиқатында мүлдем өзге екенін ұмытпаңыз… Сыйлап жүрген адамның осындай пендешілігін көргенде аздап сасып қалады екенсің. Есесіне, бұл да бір өмірдің сабағы деп түйдім.Толығырақ алдағы уақытта жазамын”, – деп жазады журналист.

Тағы да оқыңыз:

Ерлан Біләл «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын қайтарып алды

Баян Алагөзова: Екі жыл бұрын көз жұмғанымда, маған мүмкін бір атақ берер ме еді

Нумерология бизнес пе, ғылым ба: Сандардың адам тағдырына қатысы бары рас па?

Талқылау