"Аузын тіліп қанатып, ешқандай көмексіз қамап қойған": Желіде қазақстандықтар "Көкпар" ойнына қатысатын жылқылардың жағдайына шағымданды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Желіде Алматыда көкпар ойынынан кейін жылқыларға қатыгездік көрсетілгені туралы видео тарап, қызу талқылануда. Кадрлардан ауыздық жылқының аузын қажап, қанатынп жібергенін байқауға болады. Желі қолданушылары аптап ыстықта жануарға тиесілі көмек көрсетілмегеніне наразы. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желі қолданушысының пікірінше, ұлттық спорт саласындағы этикаға қатысты мәселелер әлі бар және оны ешкім қарап жатқан жоқ.
“Бұлай болмайды. Көңіл көтеру үшін, ойын үшін? Тіпті ұлттық ойын болса да бұған жол беруге болмайды. Жүрегім-ай! Жылқылардың аузын қанатып, оларды ешқандай көмексіз, аптап ыстықта тұрғызып қамап қойған. Орындарына сау жылқыларды алған. Сондағы мақсат өлі қошқармен ойнап, бірнәрсе ұтып алу.
Мұны жарияламауым керек еді. Бірақ шыдай алмаймын! Бұл мәселеге байланысты бір шара істеу керек. "Бұл жұмсақ, көп ауыртпайды, бірдеңе тиіп кеткен шығар" деп айта ма деп үміттеніп, ат спортымен айналысатын әпкеме жаздым. Алайда ол маған бұлай емес екенін жеткізді”, – деді ол.
Көпшілік жануардың видеосын көріп, оларға қамқорлық көрсетілмейтініне шағымданды.
“Адамдар қашан қандай да бір зорлықсыз өмір сүреді?”, “Қандай қорқынышты, бейшара жылқы”, “Не айтуға болады, егер бұл елде "мал" деген сөзді балағат ретінде қолданса. Көпшілік тіпті құдайдан қорықпайды”, “Адам болмаймыз, жүрек ауырады”, “Мұндайға қарау қандай ауыр”, – деп жазды жұртшылық.
Stan.kz тілшісі оқиғаға байланысты "Inucobo" жануарларды қорғау қауымдастығының басшысы Лилия Сәрсеновадан пікір сұрап көрді. Оның айтуынша, жануарларды қорғау туралы заң жобасында оларға адамгершілікпен және жауапкершілікпен қараудың маңызды принциптері бар. Алайда ұлттық спорт түріне келгенде ережелер басқаша қаралады.
“Жануарларға қатыгездік көрсету жағдайларында құқық қорғау органдарына жүгіну қажет. 2021 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңының 4-бабында жануарларға қатыгездік жасауға не жататыны нақты көрсетілген. Оған – ұру, азаптау, сондай-ақ жануарға қажет кезде ветеринариялық көмек көрсетпеу жатады.
Менің ойымша, бұл жағдайда құқық бұзушылық белгілері бар. Бірақ, өкінішке қарай, ұлттық спорт түрлері бұл заңда “ерекше шарттармен” қарастырылады”, – деді ол.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
