Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр науқасқа шалдыққан бала полицейлермен бірге Астананы аралады (видео)

Қатерлі ісік дертіне шалдыққан бала полицей қызметкері болуды армандайды, ол Астана полицейлерімен бірге патрульдік көлікпен қыдырып, аңсаған арманына қол жеткізді.

1465029

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Қазақстан агенттігіне “Үміт жолы” жобасының еріктісі Жұлдыз Қабдылова әңгімелеп бергендей, бала сегіз жаста, есімі Нұрасыл. Ол қатерлі ісік дертіне шалдығып, елордалық Ана мен бала орталығына емделуге Тараздан келген.

“Біз ІІД-мен бірге бүлдіршіннің тілегін орындауға тырыстық. Нұрасылдың полицей болуды армандайтынын оның суреттері мен шығармасынан білгенбіз. Балақай суреттерінде патрулдік көлік пен жезлді бейнелеген”, — дейді Қабдылова телефон арқылы.

Оның айтуынша, қыдыруға көп уақыт кетпеген – шамамен 20 минут, себебі балақай сырқатына байланысты көшеде ұзақ жүре алмайды.

Елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жұма күні таңертең бірнеше полицей ауруханада баланы қарсы алып, патрульдік көлікпен қала көшелерін аралатқан. Содан кейін Бәйтеректі көрсетіп, жезл сыйға тартыпты.

Жіберіп алмаңыз:

Бір ай өмірі қалғанын естіген науқас жігіт кіші қажылыққа аттанды

Екі литр сыра ішкен әйелдің емізулі сәбиі шетінеп кетті

Атырауда кемедегі тамақтың иісін сезіп бір үйір қасқыр келді (видео)

Талқылау