Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан екінші алтынды иеленді
Азия чемпионатында 94 келіге дейін сынға түскен қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов алтын еншіледі.
28 жастағы ауыр атлет Ташкентте өтіп жатқан байрақты бәсекеде жалпы қорытындыда 386 келіні бағындырды. Ол жұлқа көтеруде 175, ал серпе көтеруде 211 келіні төбесінде ойнатты.
Азия чемпионаты қазақстандық спортшылар үшін олимпиадаға жолдама беретін маңызды жарыс болған еді. Енді Седов ел намысын Рио олимпиадасында қорғайды. Осыған дейін тағы бір қазақстандық ауыр атлет Денис Уланов 85 келіге дейін сынға түсіп Азия чемпионы атанған болатын.
Талқылау