Ауыр атлет Алмас Өтешовтың Лондон олимпиадасындағы көрсеткішінің күші жойылды
Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) қазақстандық 28 жастағы ауыр атлет Алмас Өтешовтың Лондон олимпиадасындағы көрсеткішінің күшін жойды.
Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.
Өтешовтың қан сынамасын қайта тексергеннен кейін, оның қанынан допинг – анаболикалық стероидтер дегидрохлорметилтестостерон мен станазолол табылған.
2012 жылғы Лондон олимпиадасында Алмас Өтешов 94 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жетінші орын иеленген болатын. Енді оған нақты қандай жаза қолданылатыны кейін белгілі болмақ.
Қазіргі таңда Өтешовтың еншісінде тағы бір допинг дауы бар. Ол бұған дейін 2015 жылғы әлем чемпионатында да допинг қолданды деп айыпталып, күміс жүлдесінен айырылып, спорттан төрт жылға шеттетілген еді.
ХОК Өтешовпен қатар Лондон олимпиадасында Ильяның салмағында (94 келі) күміс және қола алған ресейлік Александр Ивановтың және Молдова өкілі Анатолий Кырктың да көрсеткіштерін нөлге айналдырды.
Лондон додасында алтынды Илья Ильин алған еді. Әзірге халықаралық комитет Ильяға қатысты нақты шешімді шығармады. Екі дүркін олимпиада чемпионының 2008 бен 2012 жылғы олимпиада ойындарының алтынынан айырылып қалу қаупі бар.
Еске сала кетсек, жақында ғана Қазақстан тағы үш олимпиадалық маделінен айырылды.
Оқи отырыңыз:
Роналду өзін ақшасы көп гомосексуалиспін деп атады
Боксшы Жанқош Тұраров дүркіретіп той жасады (фото, видео)
Ардақ Назаров қазақстандықтарды арақтан бас тартуға шақырды (видео)