Ауруына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңілді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева канадалық Лейла Фернандеспен бірге Цинциннатиде өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің финалында жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауруына байланысты Париж олимпиадасына қатыспаған Путинцева АҚШ-тағы турнирдің финалында жеңілді. Канадалық Лейла Фернандеспен бірге жұптық сында өнер көрсеткен Юлия финалда америкалық Айша Мұхаммед пен жаңазеландиялық Эрин Роутлифке қарсы кездесу өткізіп, 6:3, 1:6, 4:10 есебімен жеңіліске ұшырады. Өз мансабында екінші мәрте жұптық сайыстың ақтық кезеңіне шыққан Юлия Путинцева тағы да жеңіліске ұшырады. Ол бұған дейін ресейлік Анна Калинскаямен бірге Осакадағы WTA 250 турнирінің финалына дейін жеткен еді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева Парижде өткен жазғы олимпиада ойындарына тізе жарақатына байланысты қатыса алмаған еді.
Талқылау

“Тұрсынбекті жек көріп кетпеңіздер”: Мөлдір Мұқан әзілкеш Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты
Мөлдір Мұқан: "Күйеуімнен қолдау таппадым"

"Арық жүйесі - кедейшіліктен туған шарасыз шешім": Алматы неге жаңбыр жауса су астында қалады
Оның айтуынша, үш миллионға жуық халқы бар Алматыда басқа ірі қалалардағыдай жаңбыр суын әкететін арнайы кәріз жүйесі жоқ