Ауруханалар қайта толып жатыр: Қазақстандықтарды желіде жарияланған видеожазба шошытты (видео)
Әлеуметтік желіде Өскемендегі ауруханаларда адам толып жатқан видео жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бейнежазбадағы кадрларда коронавирус жұқтырған науқастардың аурухана дәлізінде жатқаны көрсетіледі. Бейнежазбаның Өскеменге және жалпы Қазақстанға еш қатысы жоқ екені анықталды. Ол ресейлік медициналық мекемеде түсірілген.
Видео интернетте 2 қарашада пайда болды және Томск облысының денсаулық сақтау басқармасында бұған дейін түсініктеме берілді. Департамент бұл жағдай жедел респираторлық вирустық инфекциялармен және басқа респираторлық аурулармен, соның ішінде COVID-19-мен ауыратын науқастардың көптеп келуіне байланысты орын алды деп хабарлады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн