"Ауруханаға барғанша жазылып кетесің": Алматылықтардың назарын "ерекше" жедел жәрдем көлігі аудартты (видео)
Алматыда Toyota Land Cruiser маркалы жедел жәрдем көлігі қала тұрғындарының назарын аударды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде таралған видеода Toyota Land Cruiser 200 маркалы көліктің медициналық белгілермен жабдықталғаны байқалады: "жедел жәрдем" сыртында Ambulance жазуы мен қызыл жолақтар белгіленген.
"Мұндай жедел жәрдемді жіберіп алма", - деп жазыпты видео авторы.
Әлеуметтік желі қолданушылары жарыса пікір қалдыруда.
"Бұл жедел жәрдем байларды ғана таситын шығар", - деп жазыпты бір оқырман.
"Мынандай көлікпен ауруханаға барғанша жазылып кететін шығарсың", - депті тағы біреуі.
"Мұндай жедел жәрдемге жол бермей қойсаң не боларын білмеймін", - деп жазыпты желі қолданушысы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”