Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауруханаға апармаймыз, емханаға жүгініңіз": Онкология, қант диабетімен ауыратындарды ауруханалар қабылдамай жатыр

Еліміздің бірқатар өңірлерінде онкология, қант диабетімен ауыратын науқастар ковид пен пневмониядан өзгелерді ауруханаға алмай жатыр деп жыларман күйде жүр. Сөздерінше, коронавирус пен пневмониямен ауырып жатқандардың саны көп, тіпті ауруханалар басқа науқастарды ем-дом алуға қабылдамай жатқан көрінеді. Бұл туралы Информбюроға сілтеме беріп, Stan.kz хабарлайды.

Атырауда қиналып, ем таппай жүрген науқастар ауруханалардың табалдырығын тоздырып жүргендерін айтады. Неврологиялық ауруға шалдыққандар дәріханада дәрі таппай, ауруханаларда орын жоқтығына шағымданады.

Қант диабетімен ауыратын Елена Зюзина ем қабылдау үшін ауруханаға бір аптадан бері жата алмай жүр екен. 

"Ауруханаға апармаймыз, емханаға жүгініңіз дейді, ақылы қызмет көрсететін орын іздеңіз дейді, енді қайда баратынымды білмеймін", - дейді әйел.

"Өткенде әкім айтты төрт клиникаға, басқа аурулар емделеді деп, барсақ қабылдамайды, дәрігерлер жоқ дейді, коронавирус пен пневмониядан басқа ауру жоқ сияқты", -дейді ақтаулық Саламат Әлиев.


 


Ал Петропавлда онкологиялық ауруға шалдыққандар жоспарлы химиятерапиялық ем қабылдай алмай жүр. Ол үшін биохимиялық талдау мен, коронавирусқа тест тапсыруды міндеттеген.

"Биохимиялық талдау нәтижесін алғаныма он төрт күн болды. Ал ол нәтиже небәрі он күнге жарайды. Екі аптадан бері коронавирусқа тапсырған тест қорытындысын ала алмай отырмын. Бірі болса, екіншісі жоқ", - дейді науқас Любовь Шевелева.

Облыстық аурухана басшылығы бұл мәселені шешуді уәде етті.

"Онкологиялық науқастардыі көбінің иммунитеті төмен. Біздің ем-дом инфекциялық ауруларды тудыруы мүмкін немесе керісінше, алдымен тиісті талдауларды алуымыз керек", - дейді СҚО көпбейінді ауруханасының онкология блогының меңгеруішісі Олег Дудяк.

Ал облыс әкімі Құмар Ақсақалов бұған дейін ауруханаларға жоспарлы жатқызу тоқтатылғанын мәлімдеген. 1 шілдеден бастап науқастар емханаға ғана қарала алады.

 

Талқылау