Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ауруханада орын жоқ, үйде емделудемін": Атырау облысының бұрынғы санитарлық дәрігері коронавируспен ауырып жатыр

Атырау облысының бұрынғы бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиев коронавируспен ауырып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мұсағалиев үш күн бұрын коронавирус жұқтырғанын білген. Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсеткендіктен, ол өзін-өзі оқшаулап тастаған.

Дәрігер Ұлттық сараптама орталығының облыстық филиалындағы әріптесі коронавируспен ауырып қалғанын білгеннен-ақ осылай болатынын түсініп, оқшауланған. 

Алғашқы күндері ауру симптомсыз болғанын, бесінші күннен COVID-19 белгілері пайда бола бастағанын айтады ол. Жетінші күні дене қызуым көтеріліп, жөтел үдеді, қазір ауырғаныма 10 күн болды дейді Мұсағалиев. 

"Менің ауруым өте қиын, оттегі жетіспейді, тыныс алу қиын. Алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін мен жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылдым, қазір онда бос орын жетпейді. Коронавируспен ауыратын науқастар өте көп, дәрігерлер үш ай бойы әбден шаршаған. Сондықтан мен оқшаулануды жалғастырып, үйде емделуді ұйғардым", - деді Мұсағалиев.

Ол өз-өзіне екпе жасап, дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектен бас тартқанын айтты.

"Егер компьютерлік томография пневмонияны көрсетсе, олар мені ауруханаға жатқызуға мәжбүр болады", - деп толықтырды Мұсағалиев.

Бұрынғы санитарлық дәрігер азаматтарды қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауға және басқа адамдармен мүмкіндігінше аз қарым-қатынас жасауға шақырады.

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 14:51
Талқылау