"Аурухана уақытымның басым бөлігін алып жатыр": Нұрғали Нүсіпжанов қазіргі жағдайы туралы тіл қатты

ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов қазіргі жағдайы туралы тіл қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, бұрын гастрольден қолы босағанда кітапхана жағалайтын, ал бүгінде уақытының басым бөлігін аурухана жалмап жатыр.
Әнші ем қабылдап жүргенде көп ойға бататынын, сол тұңғиыққа батып кетпеу үшін жарымен бірге подкаст түсіруге шешім қабылдағанын айтты.
“Өткен өмір ізсіз емес, қайткенде де сызы қалады екен. Ем-дом қабылдау өмірімнің ажырамас бір бөлігі іспетті. Оңашада адам шеті жоқ шексіз ойға беріледі. Соның тұңғиық тереңіне батпау үшін әлеуметтік желіні парақтайсың. Қысқа-нұсқа сұхбаттар шығыпты. Жадырадан сұрасам “Подкаст” жанры дейді. “Онда эксперимент жасайық”, – деп қолқа салдым. Сөкпессіздер, бұл біздің дебютіміз. Аяқ астынан асығыс жазылды. Ұнатып жатсаңыздар, Жәкеңнің мойнына сіз болып, біз болып тағы бір жүк арқалатамыз”, – деп жазды Нұрғали Нүсіпжанов.
Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер пәтер сыйлады
Нұрғали Нүсіпжановтың отбасы қазаға душар болды
Айта кетейік, бұған дейін Нұрғали Нүсіпжанов жас әйелімен фотосессия жасағаны хабарланған еді.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты