AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аурудан өмірдің мәнін тапқан жан: Арбаға таңылған жазушы қыз Торғын Жолдасбекқызы қайтыс болды

Торғын Жолдасбекқызы 37 жасында өмірден озды. Бұл туралы   Facebook-тегі парақшасында әріптестері хабарлады. Олар аяулы естеліктерін жазып, қимай қоштасты. 

"Қараторғай, бақұл бол! Бұрымды қыз артына бұрылмай арғы дүниеге аттаныпты. Қимастық кеудені кеулеп барады. Торғынның тағдыры – адамзатқа өмірдің мәнін ұқтыру болған секілді. Жанынан кешкен жазушы бар болмысымен, шынайы қалпында ғұмыр кешуді үйретіп кетті. Адам бойындағы қасиет әр түрлі ситуацияда ашылады. Генетикалық аутоиммундық дертке шалдыққан Торғынның миллиардтаған бұлшық ет талшықтары күн өткен сайын өліп жатты.

Торғын – сол аурудан өмірдің мәнін тапқан жазушының бірі: отбасылы болды, радиода авторлық хабарын жүргізді, Facebook пен медиа арқылы елге танылды. Жүруден қалып, арбаға таңылған арудың "Араша" кітабы жарыққа шыққан, жақында фэнтези жанрындағы "Кеш қалма" кітабының тұсауы кесілді. Сол кітапқа редакторлық жасаған едім. Ауру меңдеп, торыққан сәтте түс көруі – оның өмірі мен сана-сезіміне үлкен өзгерістер енгізді… Тағдыр Торғынға қалам сыйлады…", – деп жазды журналист Дәурен Дариябек. 

Жазушы бір жыл бұрын ғана пәтер ұтып алған. Алайда онда бір жыл ғана уақыт тұрған. 

“Жазушы, “Араша”, “Кеш қалма” кітаптарының авторы Торғын Жолдасбекқызы өмірден өтіпті. Генетикалық ауру алдымен анасын, артынша әпкесін, енді міне, 10 жылдан астам уақыт арпалыстан кейін өзін алып кете барды. Жазушы былтыр пәтер ұтып алғанда тағдыр жылатқан адамның қуанғанын көріп іштей мен де қуанып едім. Жазушының маңдайына өз үйінде бір жыл ғана тұру жазылған екен. Артында қызы қалды. Жаратқан сол қызына ұзақ ғұмыр беріп, марқұмды панасына алғай! Екі мәрте сұхбат бергені бар. Сол кезде қайсарлығына тәнті болып едім, енді соларға көз жүгіртіп “әттең-ай, әттең-ай” деп отырмын”, – деп жазды Меліс Сейдахметов.

Жазушы "Араша" және "Кеш қалма" кітаптарының авторы. Оның жазбалары соңғы кезде әлеуметтік желіде көп оқылды. Естеліктер мен әлеуметтік тақырыпта әңгіме көп қозғады. Торғын Жолдасбекқызының артында кәмелет жасына толмаған қызы қалды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр