Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әулетіміздің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді": Туыстары құтқару жұмыстарын жалғастыруды талап етті

Қырғызстанның Жеңіс шыңында жоғалған альпинистердің туыстары «Адамды мерзімінен бұрын жерлемеуді» өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

альпинистер

«Ұзақ әрі қиын жол өтіп бара жатып, аяғыңызды қанға малып, көзіңіз жасқа булығып келе жатқан кезде «Кері бұрыл! Беріл! Ол жақта жол жоқ!» деп артыңыздан айғайлап тұрған кезде мынаны біліңіз, бұл – жалған! Бұл өтірік сөз! Ол жақта тағы бір нәрсе болады. Немесе әрі қарай жоғары және жылдам жүруге көмектесетін адам табылады. Кешенің өзінде көптеген жаңалық тарататын каналдар оларды өлдіге санап, бізге көңіл айтып үлгерді. Бірақ сіздер біздің отбасымызды мүлдем білмейсіздер! Біздің әулеттің әйелдері Жерді кері айналдырып жібереді!» - деп жазды альпинистердің бірінің туысы. 

Әрі қарай ол іздестіру жұмысын жалғастырып, альпинистер өлді деген ақпаратты жоққа шығаруды талап етті. Құтқару жұмыстары жүріп жатқан кезде өлмеген адамды жерлеуге болмайтынын айтады. 

«Барлығы табысқа жетеміз деп отыр. Оларды қай жерден іздеу керетігі де анықталып үлгерді. Егер кім де кім өзінің күшіне сенбейтін болса, бұл Мұрат пен Андрейдің достары мен әріптестері емес! Олар біреулер ойлап отырғандай ессіз адамдар емес. Оларды амбициялары басқарып отырған жоқ. Марапатты да күтпейді. Әсіресе, саналы түрде суицидке барып тұрған жоқ. Олар - осы уақыттың батырлары! Олар - өзінің әр сөзі мен қадамын аңдап басатын профессионалдар. Мұндай адамдар эмоцияға беріле бермейді. Оларға ол жерде бір минутқа да қалуға болмайды десе, қалмайтын еді. Яғни бұл жігіттерді үйге қайтаруға мүмкіндік бар деген сөз. Бұл оқиға бақытпен аяқталады. Мен сенімдімін», - дейді альпинистердің бірінің туысы. 

Мұнымен қатар, альпинистердің тағы бір туысы Зәуре Джундубаева неліктен олардың аман екеніне сенімді екенін түсіндірді. 

«Сіздер оларды әдеттегі азаматтармен салыстырмаңыздар. Әсіресе, диванға жабысып отыратын азаматтармен. Мұрат жаттыққан, бірнеше апта бойы тамақ пен сусыз жүре алады. Ол шың басында ауа райын ілініп тұрып жеті күн күтті. Минимуммен жүре алатын күші бар. Ол тыныс салу практикаларының арқасында физикалық ауруды көтере алады. Ол өзін өзі құтқарудан кәсіби маман, салауатты өмір салтын ұстанады. Андрей Корнеев те дәл осылай жап-жас, күшті, мықты, төзімді. Олар шыңнан өздігінен түсе алмайды, себебі көшкіндердің бірі қажет заттарын, телефон мен палаткілерін сүріп әкеткен. Ертең тікұшақ соңғы рет ұшады екен. ІІМ құтқарушылар мен тікұшақтарды кері қайтармақ», - деп жазды Джундубаева. 

Еске салсақ, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Қырғыз тауларында жоғалып кеткен болатын. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев альпинистер тобының із-түзсіз кетуіне қатысты Instagram парақшасында алаңдаушылығын білдірген. 

Құтқарушылар қазақстандық альпинистерді іздеуге Тянь-Шаньға ұшты. 

Алматы альпинизм федерациясы мен ҚР альпинизм және сырғанау спорт федерациясы Жеңіс шыңында орын алған жағдайды тәулік бойы бақылап отыр. Ал соңғы рет оларды табу мүмкіндігі жоқ екені айтылды

Талқылау