"Аулақ жүріңдерші": Жанар Айжанова Талғардағы оқиғаға қатысты пікір білдірмегені үшін халықтан сөз естіді
Танымал әнші Жанар Айжанова Талғадағы жасөспірімнің өліміне қатысты пікір білдіруден бас тартып, халықтың сынына ұшырады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/zhan_ahmadiev/
Блогер Жан Ахмадиев бір топ өнер өкілдеріне сұрақ қойып, Талғардағы оқиғаға қатысты көзқарасын сұрады.
“Мен ондайда айтпаймын. Менің шаруам жоқ саясатта. Аулақ жүріңдерші", –деп ашуланды әнші.
Блогер ел алдында жүрген танымал адамдардың қоғамда болып жатқан оқиғаға араласуы керек екенін ескертті.
“Әнші болсын, блогер болсын халықтың арқасында күн көріп отырғаннан кейін есеп беруі керек деп ойлаймын. Әншілермен сөйлескіміз келген. Біразы бас тартып, бұл тақырыпты қозғағысы келмейтіндерін айтты", – деді желі жұлдызы.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің қылығын сынап тастады.
“Біз де әншілерден аулақ жүрейік, концерттеріне бармайық”, “Жанарды халықтың қызы деп ойлаушы едім”, “Шаруам жоқ, аулақ жүр” деді ме, масқара! Қара халықтың арқасында шалқайып жүрген жоқсыңдар ма?! Бастарыңа бермесін! Әйтпесе, сендер ондай сынақты көтере алмайсыңдар”, “Адам өліп отырғанда, шаруам жоқ дегені қалай?!”, – деп жазып жатыр көпшілік.
Еске салайық, Талғарға мобилографымен барған Ардақ Назаров өзін Абаймен салыстырып, “Сын айтылғанына қуанамын” деген еді.