Ауқатты ата-ана қызын 5 жылға перзентханаға тастап, қайта алудан бас тартып отыр
Ресей ауруханаларының бірінде 2014 жылдан бастап ата-анасы туғанда тастап кеткен. Ата-анасының ойынша, баласы айықпас дертке ұшырап, перинаталды орталықтан тыс жерде бірден көз жұмуы мүмкін, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыз баланың перзентханада өткен 5 жылы үшін әкесі 900 мың доллар төлеген. Ол туралы Ресей тергеу комитеті бастығының бұрынға көмекшісі, генерал-майор Игорь Комиссаров хабарлады.
Бала туыстарымен де, құрдастарымен де араласпаған. Оның ортасы екі бала күтушісі, біліктілігі жоғары маман мен қымбат ойыншықтар. Ата-анасы баласын көруге өте сирек келеді.
Бес жасар С. шала туған, 25-27 апталық. Дәрігер бала денсаулығында кінәрат жоқ дейді. Алайда ата-анасының ойы басқаша. Олардың айтуынша, ауруханадан шықса, қызы өзін нашар сезінуі мүмкін. Сол себептен де баланы алып кетпей отыр.
Игорь Комиссровтың сөзінше, бұл іске қатысты құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Бірақ прокуратура ата-ана барлық шығынды өтеді деген себеппен істі бірден жауып тастады.
"Кімге жағымсыз ақпарат жетпей жүр? Бұл жерде ешқандай қатер көріп тұрған жоқпын. Аурухана - бекет емес. Баланың қарны тоқ, киімі бар әрі қауіпсіз жерде. Ресми түрде жағдайы жақсы. Заңды өкілдер қызды алудан бас тартып отыр. Қамқорлыққа алу мәселесі Тергеу қызметінің қысымымен ғана жүзеге асуда. Сот арқылы келісімді бұзуды аурухананың өзі емес - Тергеу комитеті қомқоршы арқылы бұл істі жасауға көндіріп отыр. Яғни, заң бойынша баланы перзентханадан әкету керек, ал шешім әлі шыққан жоқ", - деді Игорь Комиссаров.
Сондай-ақ, Комиссаровтың ойынша қыз баланы ауруханада жабдықтау анасының дәни көзқарасына байланысты. Себебі, анасы өте діндәр адам. Алайда бұның барлығы баланың құқығын шектеу болып табылады.
"Біздің бастамамызбен медицина қызметкерлері баланың физикалық және психикалық жағдайын тексерді. Ауруханаға жататын себеп жоқ. Ендігі уақытта қамқоршы сот арқылы ата-анасының зиян тигізіп жатқанын дәлкелдеу керек. Сот шешімі негізінде туыстарына немесе басқа жақындарына баланы табыстау қажет", - деді генерал-майор.
Айтуынша, процес біраз уақытқа созылуы мүмкін. Егер баланы ата-анасына табысталса, заң бойынша алып кетулеріне құқығы бар, одан соң баланы табу оңайға түспейтінін айтты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
