Бекшиннің орынбасары "Олимп" зертханасынан сыйлық алды деп айыпталды
Қазақстандық дәрігер, қоғам белсендісі Қайырғали Көнеев алматылық шенеуніктердің "Олимп" зертханасымен байланысын әшкереледі.

Қоғам белсендісінің айтуынша, ҚР мемлекеттік қызмет агенттігі "Олимп" зертханасының Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қалықова Әселге сыйлық бергенін жариялаған. Оның шағымына орай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Әсел Қалықованың туған күніне алған сыйлықтары жайлы ақпаратқа тексеру жүргізген.
"Тексеріс барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері мен "Олимп" ұйымы өкілдері Ә.Т. Қалықова гүл мен шоколад қорабын сыйлық ретінде алғанын жазбаша түрде растады. Қазіргі кезде департамент тарапынан Қалықоваға қатысты тәртіптік іс қозғап, қызметтік тексеріс ұйымдастырылды", - делінген жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінің хабарламасында.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді
Рамазан айы басталып, Ұлттық қордан балаларға ақша түседі: Ақпаннан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Отбасы банк тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға қатысты талаптарды жұмсартты