Ауырып жатқан баланы жуындыруға бола ма – Белгілі педиатр жауап берді
Педиатр және отбасылық дәрігер Дмитрий Киреев әлеуметтік желідегі парақшасында “ауырып жатқан баланы жуындыруға бола ма?” деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: onclinic.ua
Дәрігер “ауырып жатқан баланы жуындыруға бола ма?” деген сұрақты қабылдау кезінде жиі еститінін және ауырып жатқан балаларды апта бойы, айлар бойы жуындырмай жатқандарды көретінін айтады.
“Егер балада безгек ауруы (лихорадка) болмаса ешқандай да қорықпай жуындыра беріңіз. Еш уайымдамай, бұған дейін қалай жуындырдыңыз, солай жуындырыңыз. Егер баланың қызуы көтеріліп тұрса, онда судың қатты суық емес екеніне және қатты ыстық емес екеніне көз жеткізіңіз (37,8-38°C). Ванна қабылдап болғаннан кейін баланы жылы ұстап, шашын кептіріңіз. Жайлы төсекке жатқызыңыз. Бөлмедегі температураны дұрыс, яғни 23-24°C-қа қойыңыз. Ылғалдандырғыш қосыңыз. Сөз соңында ауырып жатқан баланы жуындырудан қорықпаңыз дегім келеді”, – дейді дәрігер Instagram желісінде.