Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауырып жатқан анасына аурухананың 2-қабатынан қарап отырған жігіттің әрекеті елді сүйсіндірді

Оқиға Палестинада болды. Джихад ас-Сувейт есімді тұрғын анасын аурухананың терезесінен тәулік бойы бақылап отырды. Оның көз жасы желі қолданушыларын жылатты. 

Джихад ас-Сувейттің анасы коронавирус жұқтырып ауруханаға түседі. Дәрігерлер қауіпсіздік үшін жақындарына палатаға кіруге тыйым салады. Алайда ұлы анасын күнделікті көрудің басқа амалын тапты. 

Ол тәулік бойы аурухананың екінші қабатына шығып алып, анасына қарап отырды. 

Анасының емделіп шығатынына үміттенген жігіттің тағдыры дәрігерлерді де алаңдатты. Аурухана қызметкерлері жігіттің терезеде отырғанын суретке түсіріп алған. 

"Ол анасын қатты уайымдады. Оған дұрыс ем жасалып жатқанын, анасының ұйықтап жатқанын көзбен көру үшін терезе алдында бақылап отырды. Алайда жақын күндері анасы Расма Салама көз жұмды", - деді дәрігер.

Бұл сурет әлем желіде тез тарап кетті. Джихад ас-Сувейттің әрекетіне сүйсінген, оның қайғысын түсінген барша желі қолданушысы көз жасына ерік берді. 

Ал суретші Мохамад Сафа фотоға көрнекі сурет жасап, жігіттің анасына естелік арнады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр