Ауыр жарақатпен ауруханаға түсті: Ақтөбеде жасөспірімдер көлік капотына мініп көңіл көтерген (видео)
Ақтөбеде видеоға түсу үшін автокөліктің капотына отырып алған екі жасөспірімнің біреуі ауыр жарақат алып ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көліктің алдына отырып видеоға түспек болған жасөспірімдер келеңсіз жағдайға тап болды.
Бірнеше жасөспірім өзен жағасына демалуға барады. Сөйтіп, олардың бірі туысының "Жигулиін" рұқсатсыз мініп кеткен. Жас балалардың есіріп, шеттен шыққаны соншалық қайтар жолда екі бала жүріп келе жатқан көліктің алдыңғы капотына отырып, видеоға түспек болады.
Осы кезде жасөспірімнің бірі көліктен құлап, ауыр жарақат алған. Ол ауруханаға жеткізілді. Қазір полиция осы оқиға бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ