Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ауыр жағдайда жатыр: Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк жансақтау бөліміне түсті

Көпшілікке «Менің тамаша бала күтушім» телехикаясындағы басты рөлімен танымал ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк ауыр жағдайда жансақтау бөліміне түсті.

Ауыр жағдайда жатыр: Ресейлік актриса Анастасия Заворотнюк жансақтау бөліміне түсті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Арна мәліметінше, актриса екі апта бұрын ауруханаға түскен. Бүгін түнде жағдайы нашарлап кеткендіктен, оны жансақтау бөліміне ауыстырыпты.

Бұған дейін Анастасия Заворотнюк Еуропада ем алған. Өкінішке орай, ол жақта жүргізілген ем-домнан оң нәтиже болмапты.

Еске сала кетсек, бұған дейін Анастасия Заворотнюктің мидың қатерлі ісігіне шалдыққаны туралы қауесет тараған еді. Актрисаның көршілері оның толып кеткенін және басына орамал тағып алғанын айтыпты. 

Ал әртістің ресми өкілдері бұған дейін оның дертке шалдыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарған-ды.

Анастасия Заворотнюк «Менің тамаша бала күтушім» телехикаясында күтуші Виктория Прутковскаяның рөлін сомдаған еді. Оның қоржынында өзге де фильмдер мен телехикаялар болғанымен, дәл осы рөлімен көпшілікке танылып, ықыласына бөленген.

Талқылау